Колледж миссиясы: Жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыра отырып, алауыздықты болдырмау, дәстүрлі дініміз негізінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету

Колледж саясаты: мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етуде оқытудың заманауи технологиялары арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық құрамның кәсіби әлеуетін көтеру, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, өз мамандығы бойынша кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандар даярлау, колледж қызметінің барлық бағыттарын дамыту.

Стратегиялық мақсаты:

  • ТжКБ жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту;
  • Кәсіптік білім деңгейінде білім беру қызметінің сапасын және нәтижелігін тұрақты қамтамасыз ету;
  • Білім берудің жаңашыл әдістері арқылы студенттерді орталықтандырып оқыту;
  • Білім беру қызметіндегі инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту;
  • Құзыреттілік шеңберінде әлеуметтік серіктестікті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Студенттердің сұранысын қанағаттандыратын қажетті жағдайлар жасауды және үйлесімді дамытуды жетілдіру;
  • Интернет-ресурстар мен білім беру қызметін автоматтандыру жүйесін дамыту;

Стратегиялық міндеттері:

  • Оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;
  • Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби және құзыреттілік деңгейлерін арттыру;
  • Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша түрлі семинарлар өткізуге шетелдік мамандарды тарту;
  • Оқу үдерісін автоматтандыру жүйесін жетілдіру;
  • Оn-line тәртібінде шебер –класс, конференциялар, семинарлар өткізу;
  • Заманауи оқу құралдарымен жаңарту;
  • Құрылыс –жөндеу жұмыстарына, оқытудың техникалық құралдарына, оқу-әдістемелік құралдарға бөлінетін қаржы көлемін көбейту;
  • Білім алушылардың әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған шараларды өткізуге қолдау көрсету.

   Стратегиялық бағыттары:

  • Білім беру қызметі дамыту.
  • Кәсіби білікті, рухани қалыптасқан мамандар даярлау.
  • Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  • Кадрлар әлеуетін және басқару жүйесін дамыту.
  • Инфрақұрылым мен материалдық – техникалық базаны дамыту.