Ақтөбе медресе колледжі талапкерлерді оқуға шақырады. Оқу ошағы 2008 жылдан бері халыққа қызмет етуде. Біздің басты мақсатымыз – жастардың сауаттылығын арттыра отырып, имандылыққа баулу. Сондай-ақ еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Колледжде Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, педагогика-психология т.б. әлеуметтік пәндермен қатар дәстүрлі дініміз негізінде Құран, Тәджуид, Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Хадис ілімі, Араб тілі, Ахлақ пәндерінен дәріс береді.
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Мамандығы: 0112000 – Исламтану
Біліктілігі: 0112013 – “Имам хатиб”
Оқу ошағында білім алушы шәкірттерге жатағы және 3 мезгіл тамағы тегін.
Салауатты өмір ұстанушы жастарға жабық спорт зал, ашық спорт зал алаңы бар.