АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРДЕН ДӘРІС БЕРЕТІН ҰСТАЗДАР ҚҰРАМЫ.

Ақтөбе медресе колледжі 10 жылдан астам уақыт ішінде, шәкірттерге білім беріп қана қоймай, ұстаздық қызметке лайықты мамандарды да қалыптастыра білді. Сондай-ақ, діни маман болуға аяқ басқан тұлғалардың тәжірибе жинап, абыройлы ұстаз болуына септігін тигізді.
Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы.
Ақтөбе медресе колледжінің директоры.
Дін саласында 20 жылға жылдық еңбек өтілі бар.
ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінде 10 жыл қызмет атқарған.
Білімі:
1.Имам Бухари атындағы Ташкент ислам институтын бітірген.
Мамандығы- имам хатиб, Исламтанушы, Араб тілі мұғалімі, аудармашы. 2.«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Исламтану» мамандығы.
3.Шет тілдері және іскерлік карьера университеті, «Дінтану» мамандығы бойынша магистр.
Ғылыми еңбектері:
1.«Самғау» (араб тілінің морфологиясы) оқулықтары.
2.«Ақида мәтіндері» кітабы.
3.«Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірбаяны» кітабы.
Нұрғалиев Бауыржан Достанұлы. Ұстаз. Есет батыр Кокиұлы фондының директоры.
Білімі:
1.М.Ұлықбеков атындағы Ташкент университеті.
2.Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Бакалавр және магистр. Дінтанушы.Шәкірттері түрлі білім сайыстарында жоғары деңгейді бағындырып жүрген тәжірибелі ұстаз.
Еңбек өтілі: 9 жыл.

Торбаев Жексенбай Жумадиллаұлы.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Білімі: Египет Араб Республикасы. Әл-Азһар университетін тәмамдаған.
Мамандығы -Исламтанушы.
Еңбек өтілін Ақтөбе медресе колледжінен бастап, тәжірибе жинақтау арқылы оқу ісінің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді.
Еңбек өтілі: 5 жыл
Ағабеков Алмас Серікбайұлы.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар.
Білімі: Қазақ-Араб университеті. Дінтанушы.
Еңбек өтілі: 9 жыл.

Қасымов Қанат Амангелдіұлы. Ұстаз
Білімі:
«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті.
Ақтөбе медресе колледжінің түлегі.
Білімін ЖОО жетілдіріп, өзі тәлім алған оқу ордасында ұстаздық қызмет етуде.
Еңбек өтілі: 1 жыл.

Қойшыбаев Нұрмахан Мырзаханұлы. Ұстаз.
Білімі: «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті.
Ақтөбе медресе колледжінің жас маманы. Ұстаздық қызметпен қоса, қосымша кураторлық жұмыстарды бірге атқарып, жастармен тығыз байланыс жасап, тәжірибе жинақтауда.
Еңбек өтілі: 2 жыл
Мирзабаев Елмурат Утешович. Ұстаз.
Білімі: Египет Араб Республикасы. Әл-Азһар университеті.
Ислам миссиялары институты.
Мамандығы- Исламтану.
Білімді маман еңбек жолын Ақтөбе медресе колледжінен бастап, дін саласын терең меңгеретін шәкірттер тәрбиелеуде.
Еңбек өтілі: 2 жыл.
Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы. Ұстаз.
Білімі: «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті. Ақтөбе медресе колледжінің 2014-жылғы түлегі. Жас маман бар білген-түйгенін жас буынға үйретуден талмай, Ақтөбе медресе колледжінде қызмет етуде.
Еңбек өтілі:1 жыл.
Медресе колледж мамандар даярлауды төмендегі мамандық бойынша жүргізеді: 0112000-Исламтану- біліктілігі: 0112013- «Имам хатиб».
Медресе колледж Бестамақ ауылы,Алға көшесі, 58-үй мекен-жайында орналасқан.