“Абай – дара, Абай – дана”
Абай – қазақ халқының ғана емес бүкіл әлемнің ұстазына айналған ұлы тұлға. Оның еңбектері ұрпақ тәрбиесіне, ұлт мәдениетіне елеулі серпіліс берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы айтқан болатын. Ел өміріндегі осындай оқиғалар жас ұрпақты нағыз отансүйгіштікке тәрбиелеуге жол ашатыны сөзсіз.
Осыған байланысты Ақтөбе медресе колледжінің 3-курс студенті Ильясов Қуанышқали Ерболатұлы “ДАМУ” онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастырып жатқан “Абай – дара, Абай – дана” атты жүлделі байқауына қатысуға ниет білдіріп, өзінің жұмысын жолдады.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!