МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Ақтөбе медресе колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай шағын футболдан І-ші медресеішілік турнир өтті.
Турнирде 8 команда бақ сынасты. Нәтижесінде “Жастар” құрамасы ІІІ орын, “Дельта” құрамасы ІІ орын, ал, “Ұстаздар” құрамасы І орынды иеленіп, ауыспалы 🏆 кубоктың алғашқы иелері атанды.