Ақтөбе медресе колледжі

Top Menu

  • БАСТЫ БЕТ
  • МЕДРЕСЕ
  • ОҚУ ҮДЕРІСІ
  • СТУДЕНТ
  • ТАЛАПКЕР НАЗАРЫНА
  • ПӘНДЕР

Main Menu

  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛАЛАР
  • Бір күнге-бір ғибрат
  • БЕС ПАРЫЗ
    • ИМАН КЕЛТІРУ
    • НАМАЗ
    • ОРАЗА
    • ЗЕКЕТ
    • ҚАЖЫЛЫҚ
  • Сұрағыңыз болса
  • БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ
Кіру / Тіркелу

КІРУ

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіріңіз
Парольді ұмыттыңыз ба?

Lost Password

Back to login
  • БАСТЫ БЕТ
  • МЕДРЕСЕ
  • ОҚУ ҮДЕРІСІ
  • СТУДЕНТ
  • ТАЛАПКЕР НАЗАРЫНА
  • ПӘНДЕР

logo

Header Banner

Ақтөбе медресе колледжі

  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛАЛАР
  • Бір күнге-бір ғибрат
  • БЕС ПАРЫЗ
    • ИМАН КЕЛТІРУ
    • НАМАЗ
    • ОРАЗА
    • ЗЕКЕТ
    • ҚАЖЫЛЫҚ
  • Сұрағыңыз болса
  • БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ
  • НӘПСІМЕН КҮРЕСУ

  • ЖЕҢІСТІ ЖАРЫС

  • КІНӘ КІМДЕ?

  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ -БАСТЫ ҚАҒИДА

  • Сіз де үлес қосыңыз!!!

ИМАН КЕЛТІРУ
Home›ИМАН КЕЛТІРУ›АҚЫЛДЫҒА ИМАН ПАРЫЗ

АҚЫЛДЫҒА ИМАН ПАРЫЗ

By admin
12/02/2018
100
0
Share:

Ақылдыға иман парыз.

Барлық мақтаулар мен мадақтар барлық әлемді жаратқан, оның ішінде адам баласына ерекше көңіл бөліп ақыл берген, барлық жаратылысты бағындырып қойған Аллаға болсын. Алланың сәлемі мен ізгілігі ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке болсын.
Алла тағала Құран Кәрімде Исра сүресі 70-аятта: «Біз адам баласын құрметті еттік» делінген. Осыған қоса көптеген аяттарда Алла тағала адам баласы үшін аспанды және ондағылардың барлығын, Жерді және ондағылардың барлығын, күн мен түнді, теңіздерді барлығын бағындырып қойғандығын баяндаған. Алайда адам баласы осы жаратылыс ішіндегі ең әлсіз болып табылады. Адам баласын Жермен салыстырып қарайтын болсақ, онда адам баласы Жердің қасында миллиардтаған есе кіші екендігін аңғарамыз. Ал Жер мен бір жұлдызды салыстырсақ Жер жұлдыздан бірнеше есеге кіші екендігі ортаға шығады. Ал, аспанда миллиондаған жұлдыздар бары тағы бар. Жұлдыздардан басқа көптеген планеталар да бар. Олай болса біздің галактикамыз ғаламат үлкен деген сөз. Галактикамен адамды салыстыру мүлдем келмейді. Өйткені адам галактиканың қасында жоқ есебінде. Ал енді осы «кішкентай» ғана Жерімізде миллондаған әртүрлі жан-жануар, жәндік, құстар сияқты көптеген жан иесі бар. Алла тағала осынша алып ғаламда ең әлсіз адам баласына барлығын бағындырып, басқаларынан ерекшелеп ақыл беріп қойғандығының сыры неде?
Матуриди мәзһабы сенімі бойынша адам баласы өзіне берілген ақылды дұрыс қолдана отырып бір жаратушының бар екендігіне көз жеткізу керек. Көптеген Құран аяттарында Алла тағала «олар ойланбайды ма?», «олар ой жүгіртпейді ме?», «олар ақылдарын қолданбайды ма?» деген сөздерді қайталап айтқан. Демек, адам баласына берілген ақыл мен сана-сезім ең керемет бір артықшылық деген сөз. Оны дұрыс қолдана білу керек.
Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді:
“إِنّ‏ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَاخْتِلاَفِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَالْفُلْكِ الَّتِي تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِمَا يَنفَعُ النَّاسَ وَمَا أَنزَلَ اللّهُ مِنَ السَّمَاء مِن مَّاء فَأَحْيَا بِهِ الأرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَبَثّ‏ فِيهَا مِن كُلّ‏ دَابَّةٍ وَتَصْرِيفِ الرِّيَاحِ وَالسَّحَابِ الْمُسَخَّرِ بَيْنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ لايَاتٍ لِّقَوْمٍ يَعْقِلُون”
«Аспандар мен Жердің жаратылуында, күн мен түннің ауысып келуінде, адамдарға пайда беретін нәрселерді тасып теңізде жүзіп жүрген кемелерде, Алланың аспаннан су(жауын) түсіріп, сол су арқылы кеуіп өліп қалған жерді қайта тірілтуінде, жер бетінде әртүрлі жандыларды таратуында, желдердің, аспан мен жер арасында бағындырылған бұлттардың жүргізілуінде ақылдарын қолданатын (ой жүгіртетін) адамдар үшін (Алланың бір екенін, бар екенін білдіретін) көптеген белгілер бар»
Яғни, Алла тағала адам баласына мына нәрселерге қарап ойлануға, ақылдарын қолдануға шақырады:
1. Аспанның жаратылуы. Өте үлкен алып аспанға қара! Ойлан! Үлкен бір күмбез ешбір тіреусіз қалай тұр көз жүгіртіп қара. Аспаннан қандай да кінарат көріп тұрсың ба? Әрине ешбір кінарат таппайсың. Аспандағы алып-алып планеталар мен жұлдыздарға қарап көр. Түнгі аспандағы жарқыраған жұлдыздарға қара, айға қара. Ақылы бар адам осының өзінен ақ бір жаратушының бар екенін түсінуіне, иман келтіруне жеткілікті болар еді.
2. Жердің жаратылуы. Өмір сүріп отырған жеріңе қара. Қандай таң қаларлық жаратылыс. Бір жерінде сулар, бір жерінде шөл дала, бір жері жап-жасыл ну орман, бір жері әппақ қар астындағы мәңгі мұздақ. Жерде орналасқан биік-биік таулар, қыста өліп жазда қайта жан біткен ағаштар, өсімдіктер, әртүлі бір біріне ұқсамайтын жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдар. Жерді мекен етуші әртүрлі миллиондаған жанды жаратылыстар. Осының бәрі бір жерді мекен етіп, бір жерден азықтануда. Бұлда істейтін ақылы бар адам үшін үлкен бір белгі болып табылады.
3. Күн мен түннің ауысуы. Алла тағаланың адам баласы үшін өмірді екіге бөліп беруі, күндіз жарықта жұмыс істеп, еңбек ету, құлшылық жасауы, түнде қараңғылықта келесі күнге күш жинау үшін демалуы. Аспандағы Күн мен Ай бірінің артынан бірі ауысып, белгілі бір жүйемен келеді. Күн өз кезегінде жерге жылуы мен жарығын төгеді. Егер Күн өз мөлшеріне бір миллиметрге жақындап не алыстап кететін болса, онда Жер беті не өтенеді не мәңгі суық мұздаққа айналады. Бұндай мызғымас жүйенің өзі ойлантын адам бар болса, бір жаратушының бар екендігіне жеткілікті бір дәлел болып табылады.
4. Теңіздегі кеме. Физикалық тұрғыдан ауыр денелердің суда батуы керек. Ал, күнде көріп жүрген мыңдаған тонна жүк көтерген алып кемелердің теңізде емін-еркін жүзуі таң қаларлық нәрсе. Ұшы қиыры жоқ үлкен, қап-қара мұқит пен теңізде алып кемелердің діт деген жеріне аман-есен жетуі, теңіздің үлкенідігі, ондағы тіршілік көзі мен тіршілік иелері барлығы адам баласын ойландыруға алып баратын ең керемет бір нәрсе.
5. Жаңбыр мен жердегі өсімдіктердің өсуі. Тіршіліктің қайнар көзі ол әрине су екендігіне ешкімнің талас-тартысы жоқ. Сусыз барлық жаратылыс өз өмірін тоқтатады. Олай болса адам баласы өзі ішіп отырған суына бір қарасын. Қайдан келді? Қалай келді? Жер бетінде су өте көп, Жер шарының 70 пайызы судан тұрады. Алайда ол судың барлығы ішуге жарамайды. Таң қаларлығы мұқитта судың ортасында жүріп сусыздықтан өлуге болады. Осы аспаннан жауған жаңбыр суы барлық жаратылыстың өмірін сақтаушы деп айта аламын. Өйткені барлық нәрсе Жерден шығады. Біздің қолданып отырған барлық азығымыз да, малдардың жем шөбі де барлығы да жерден шығады. Бұлда бір адамға ойланарлық жайт.
6. Жер бетіндегі әртүрлі жанды жаратылыстар. Адам баласы ақылын жұмыс істетіп, жақсылап ойланып қарайтын болса, осы дүниеде көптеген ойланарлық ғажайып жаратылыстар бар. Миллиондаған түрлі жәндіктер, миллондаған түрлі жануарлар, миллиондаған түрлі құстар мен жорғалаушылар және балықтар бар. Ең қызығы алып піл мен ең кішкентай маса-шыбынды салыстырып қарасаңыз екеуінде де көз бар, екеуінде де ас қорту жүйесі, зәр шығару жүйесі, ішкі ағзалар, есту, көру, қан тамырлары, клеткалары бар екендігін көресіз. Неткен құдірет, үлкен жануарларда бар барлық ағза мен жүйелерді елеусіз ең кішкентай жаратылыстарға да беріп қойған. Ойланатын адамға осының өзі жетіп артылады, егер баста істейтін ақыл болса.
7. Жел және бұлт. Жел мен бұлт бір-бірімен тығыз байланыста болатын ерекше жаратылыстар. Су болмаса тіршілік болмайтынын айтып өттік. Ал енді сол керекті мөлшердегі суды жел керекті жерге бұлт айдап әкеліп жауын түсіреді, сол жерді «тірілтеді». Желдің тағыда бір керемет жағы, егер кеңістікте жел болмағанда барлық жаратылыс сасық іске тұншығып өлер еді. Жел әрдайым ауаның алмасуын, жердегі температураны реттеп тұрушы құрал десе де болады. Сондықтан күнделікті сезіп жүрсек те, елемейтін желдің өзі үлкен бір нығмет болса керек. Ақыл иесі осыны ойланып ақыл жүгірткені абзал.
Алла тағала басқа бір аятта былай дейді:
“فَلْيَنْظُرِ الْإِنْسَانُ إِلَى طَعَامِه”
«Адам баласы өзінің жеп отырған тамағына қарасын», не деген сөз бұл. Жоғарыда айтылған керемет нығметтерге ақыл жүгірте алмайтын, ақылы төмен болса онда ең болмағанда өзі жеп отырған тамағына қарасын. Қайдан келді? Әлемдегі қандай болмасын барлық азық, тамақтың негізі екі ақ нәрседен тұрады. Ол су мен топырақ. Алайда Алланың құдыретімен сол су мен топырақтан түрлі-түсті бір біріне ұқсамайтын, дәмі де әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын сан алуан азық шыққан жоқ па? Қалайша ойланбайсың?! Ойлан! Ойлану саған пайда береді.
Басқа бір аятта:
“فَلْيَنْظُرِ الْإِنْسَانُ مِمَّ خُلِقَ”
«Адам баласы өзінің неден жаралғанына қарасын»,- дейді. Қандай ой салушы сөздер. Адам кеше ғана әкенің белі мен ананың көкірегіндегі бір тамшы сасық су едің, бүгін мүлдем басқаша он екі мүшесі бар бір адамсың. Сол бір тамшы суды осындай кәміл жаратылыс қылған кім? Әрине Құдіретті күш бір жаратушы Алла.
Алла тағала Құранда бұдан да басқа ойлануға шақыратын, бір жаратушыға иман келтіруге шақыратын, бір жаратушының бар екендігін білдіретін көптеген аяттарды тізіп айтып өткен. Сондықтан адам баласы өзіне басқа жаратылыстан ерекше етіп берген ақыл, түсінік, түйсік деген үлкен бір сыйды дұрыс қолданып, мол арқылы бір жаратушыға иман келтіруі керек болады. Олай істемеген жағдайда Алла тағала Құранда айтқандай малдан да төмен дәрежеге түсіп кетуә әбден ықтимал.
Сондықтан «ақылдыға иман парыз» деген, ақылды адам ешкім айтпастан өз ақылын қолдана отырып бір жаратушы Аллаға иман келтіреді.

Мұрат Нұрлан

“Ақтөбе” медресе колледжінің ұстазы

Previous Article

Алла ЖОЛЫНДА ЕҢ АЛҒАШ ҚАН ТӨККЕН САХАБА

Next Article

33 ЖЫЛДА 8 НӘРСЕ ҮЙРЕНГЕН ЖІГІТ

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

Leave a reply Отменить ответ

  • ЖАҢАЛЫҚТАРМАҚАЛАЛАР

    ҚОНАҚ КҮТУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    ОТАНДЫ СҮЮ-ИМАННАН

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    “ҚОҒАМНЫҢ САНАСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ РУХАНИ БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ” АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

БАС МҮФТИ БЛОГЫ

muftyat.kz

БІР КҮНГЕ-БІР ҒИБРАТ

  • Бір күнге-бір ғибрат

    КІНӘ КІМДЕ?

    Аxмет Рафи бір күні шәкірттерінен: -Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын,-деп өтініпті. Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан: Ұлы ұстаз,сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар,-депті. Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте ...
  • Бір күнге-бір ғибрат

    33 ЖЫЛДА 8 НӘРСЕ ҮЙРЕНГЕН ЖІГІТ

    Бір ғалым өзіне ұзақ уақыттан бері үнемі келіп жүрген бір шәкірттен былай деп сұрайды: – Сеннің маған ергеніңе қанша уақыт болды? Шәкірт: 33 жыл болды- деп жауап береді Ғалым: 33 ...
  • Бір күнге-бір ғибрат

    ТАС САРАҢ

    Тас сараң Жәбир (р.а) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп: – Иа, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты. ...
  • Бір күнге-бір ғибрат

    АЛТЫНҒА АЙНАЛҒАН ҚАМШЫ

    Мұхаммед ибн Мәсләма – Пайғамбарымызбен бірге барлық соғыстарға қатысқан алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі. Ол Мәдина қаласында Расулаллаһтың орнына уәкіл ретінде тағайындалған хазірет Омардың ел ішіндегі «арыз-шағым бұрышына» жауапты кісі болатын. ...
  • Бір күнге-бір ғибрат

    НЕСІБЕ ДҰҒАМЕН КЕЛЕ МЕ?

    Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с) келіп: – Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек ризық берсін деп Аллаһқа дұға етіңізші? – депті жалынып. Сонда Имам тұрып: – Жоқ! ...

СҰРАҒЫҢЫЗ БОЛСА

  • 03/04/2018

    ҚАЗА БОЛҒАН НАМАЗДАР ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?

  • 13/01/2018

    СМАЙЛИК ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

  • 13/01/2018

    Әйел кісі «талақ» десе, онысы талаққа санала ма?

ВИДЕО

https://youtu.be/KZZEm53hcGc

МЕДРЕСЕ

  • БАСТЫ БЕТ
  • МЕДРЕСЕ
  • ОҚУ ҮДЕРІСІ
  • СТУДЕНТ
  • ТАЛАПКЕР НАЗАРЫНА
  • ПӘНДЕР

БӨЛІМДЕР

  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛАЛАР
  • Бір күнге-бір ғибрат
  • БЕС ПАРЫЗ
    • ИМАН КЕЛТІРУ
    • НАМАЗ
    • ОРАЗА
    • ЗЕКЕТ
    • ҚАЖЫЛЫҚ
  • Сұрағыңыз болса
  • БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ

АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ

Қазақстан Республикасы
Ақтөбе облысы
Алға ауданы, Бестамақ ауылы
Алға көшесі 58 үй

Тел:     8 (71337) 6 81 45
8 (777) 800 58 44
8 (747) 302 25 18
E-mail:   aktobe_medrese2015@mail.ru

Яндекс.Метрика
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛАЛАР
  • Бір күнге-бір ғибрат
  • БЕС ПАРЫЗ
  • Сұрағыңыз болса
  • БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ
© 2018 HIDAYAT.KZ | АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕ - КОЛЛЕДЖІ