ҚАЗА БОЛҒАН НАМАЗДАР ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?

- ςСұрақ: Қаза болған намазды өтегенде, сүннет оқылады ма? Ал, азан шақырылады ма?
Жауап: Тек парыз намаздардың қазасы оқылады. Сүннеттердің қазасы оқылмайды, тек қана таң намазының сүннетінің қазасын сол күні ишрак уақытынан зауал уақытына дейінгі аралықта яғни күн шыққаннан шамамен 55 минут өткеннен кейін және бесін намазына шамамен 20 минут қалғанға дейінгі аралықта оқуға болады.
Әр бір қаза намаз үшін азан және қамат айтылады. Бір уақытта бірнеше қаза намаз оқылатын болса бәрі үшін ең басында бір рет азан айтылады және әрбір қаза үшін бөлек бөлек қамат айтылады.
Ассалаумағалейкум! Менің қаза намаздарым көп соларды өтеп бастасам барлығының таң намазының парызының қасына сүннет оқып жүрү керекпа? Балағат жасымда намаз парыз екенін білмеген болсамда қарыз бола беремінба?
Егер әйел адам қаза намазын өтейтін болса азан мен қамат айтылуы керек тек әйел адамға ғана
Әйел адам қаза намазын өтесе қамат пен азан міндетті түрде шақырылуы керек пе