Ақтөбе медресе колледжі

Ақтөбе медресе колледжінің тарихы

Ақтөбе медресесі 2008 жылдан бастап халыққа қызмет етіп келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбе обылысына қарасты мешіттер және басқа да мекемелерге имам-молдалар мен діни мамандар даярлау, дінге қызығушылық танытқан жастарды дәстүрлі дінімен сауаттандыру арқылы облыстағы діни тұрақтылықты қалыптастыру, сондай-ақ шалғай елді-мекендердегі жастардың талаптарын, ата-аналар сұранысын қанағаттандыру негізінде Нұр Ғасыр мешітінің жанынан 30 орындық шағын діни оқу орны етіп ашты. Алайда, оқуға үміткерлердің саны көбеюі, екінші жағынан мешіт ғимараты орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қойылатын талаптарға толық жауап бере алмауы себептерінен 2010 жылы Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы қос қабатты ғимаратқа көшірілді. 2012 жылы ҚР «Діни сенім және діни бірлестіктер» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу негізінде «Ақтөбе медресесі» жеке мекемесі болып қайта тіркелді. 2016-2017 оқу жылының басында «Ақтөбе медресе колледжі» жеке мекемесі болып үшінші рет қайта тіркеліп, «колледж» статусын алды.

Ақтөбе медресе колледжі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды қадамы

Расында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі шешімі бүгінгі таңда оңды нәтиже беруде. Олай дейтініміз, қазіргі кезге дейін сауат ашу курстарын тәмамдаған жастарды қоспағанда, 159 студент Ақтөбе медресе колледжінің оқу бағдарламасын толық бітіріп, «имам хатиб» мамандығы бойынша арнайы орта кәсіптік дипломға қол жеткізді. Осы түлектердің 70% Ақтөбе қаласы және облысымызға қарасты мешіттер мен басқада мекемелерді қызмет жасап жатқан болса, 20 % өз еліміздегі Нұр-Мүбәрәк университеті және Египет, Туркия сияқты мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарында әрі қарай білімдерін шыңдауда. Ал, қалған 10% көрші облыстардан келген талапкерлер мешіттер мен діни орталықтарда қызмет жасауда. Оқу орнын бітіріп шыққан түлектердің білек сыбана іске кірісуінің нәтижесінен жастардың басым көпшілігі шынайы имандылыққа бет бұрып, теріс ағымның жетегіне кету көрсеткіші азайды. Облысымыздағы діни тұрақтылық белсенді түрде қалыптаса бастады.

Оның үстіне жергілікті жанашыр азаматтардың демеуімен медресе колледждің жанынан жыл сайын 250 студентке арналаған асхана, спорт кешені, оқу ғимараты, жатақхана, қыздар бөлімі сияқты ғимараттар бой көтеріп, оқу базасы өркендеп келеді.

Құрылымы

Құрылымы

Оқу корпусының жалпы аумағы - 2268 м² құрайды. Ғимараттың бірінші қабатында ұстаздар және директор кабинеті мен оқу сыныптары орналасқан, екінші қабаты болса тұтастай сыныптарға арналған, ал, үшінші қабатында компютерлік сыныптармен бірге АКТ залы, арнайы кітапхана, есепшілердің кабинеттері бар.

Сондай-ақ, бұл ғимаратта химия, физика, матеметика, биология, АӘД сыныптары және қазақстан тарихы, қазақ, орыс тілі т.б. әлеуметтік және гуманитарлық пәндерге арналған сыныптар мен арнайы медпункт кабинеттері де қамтылған.

Жатақхана

Сонымен қатар, студенттерге арналған арнайы қос қабатты жатақхана бар. Жатақхана аумағы – 1769 м². Бұл жатақханада студенттердің дәретханасы, намаз оқитын бөлмесі, демалыс бөлмелері қарастырылған. Аумағы – 250 м² болатын 250 орындық арнайы салынған бір қабатты асханасы жұмыс жасайды. Асхана ішінде жергілікті СЭС-тің талаптарына сай қол жуатын орындар мен ас әзірленетін, ыдыс жуатын бөлемелері гардероб және қойма бар.

Жатақхана
Спорт кешені

Спорт кешені

Шәкірттеріміздің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етулері үшін ұзындығы 39 да, ені 19, биіктігі 12 метрлік спорт кешені салынды. Спорт кешенінде дене шынықтыру ұстазының кабинеті, киім ілуге арналған және жуынатын орындар, спорт жабдықтарын сақтайтын бөлмелер мен дәретхана т.б. қажетті бөлмелермен жабдықталған. Ғимараттың аумағы аумағы – 900 м². Сонымен бірге, жаз айларында ашық аспан астында еркін ойнай алатын аумағы 0,0948 м² болатын жасанды көгалдандырылған ашық футбол алаңы да шәкірттер игілігінде.

Оқу ордамызда тәлім беретін мамандарының да әлеуметтік жағдайы назардан тыс қалдырмай, баспанамен қамтамасыз етілді. Бестамақ ауылының маңында ұстаздарға арналған 4 пәтерлі үй қызмет жасайды. Әр пәтердің жалпы аумағы – 65 м².

Қысқаша айтқанда, Ақтөбе медресе колледжінің негізгі мақсаты, еліміздің батыс аймағындағы облыстарда орналасқан барша мешіттерге имам-молдаларды дайындау. Сондай-ақ, батыс өңірінің жастарын имандылық пен адамгершілікке, кішіпейілділік пен ибалыққа, отансүйгіштік пен қамқорлыққа, сабырлық пен ұстамдылыққа т.б. ұлы қасиеттерге тәрбиелеу.

Жатақхана

Лицензия және қосымшалар

Аккредитация

Біздің ұжым

159+

түлек

65

студент

10

оқытушы