Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес медресенің әр түрлі қызметтері мен бөлімдерінің білім беру бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамытуға, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруды және педагогикалық кадрларды әдістемелік оқытуды үйлестіреді.

Кеңестің негізгі міндеттері:
  1. оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын бақылауды ұйымдастыру;
  2. медреседе жарияланған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды жариялауға арналған сараптаманы ұйымдастыру және жоспарлау;
  3. медреседегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
  4. әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдірудегі озық тәжірибені жалпылау және тарату;
  5. оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
  6. сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіндегі әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
  7. медреседе әдістемелік жұмысты үйлестіру;
  8. медреседе жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды жетілдіру, әдістер, оқыту құралдары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  9. педагогтердің шығармашылық (тұрақты және уақытша) оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;
  10. оқытушылық құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
  11. білім беруді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны жүзеге асыруда басым бағыттарды қалыптастыру.
Кеңестің негізгі қызметі:
  1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары сараптауды ұйымдастыру;
  2. жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және бекіту;
  3. медреседегі оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
  4. білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жетілдіру бойынша талқылау және ұсыныстар;
  5. оқулықтарды, оқу құралдарын, соның ішінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын және дидактикалық материалдарды дамытуды ұйымдастыру;
  6. оқу, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.

Әдістемелік кеңес жоспары 2020-2021 жж.