Мақалалар

АЛЛАҒА ЕРТЕҢ НЕ ДЕЙМІН?

21 ақпан 2019

Аллаға ертең не деймін?

Кімдер ойлар ертеңін,

Не ішіп ертең, не жеймін?

Ойлаймын кейде,мен өлсем,

Жаратқанға не деймін?

Кейде харам ішкенмін.

Намазымды ұмытып,

Нәпсі соңынан ергенмін.

Аллаға ертең не деймін?

Нәпсі артында тұрып,

Сезім жолында болып,

Айыпқа жүзімді бұрып,

Аллаға ертең не деймін?

Шайтан желкеме мінсе,

Ықылас, сезімім сөнсе,

Бір күні жүрегім өлсе,

Аллаға ертең не деймін?

Айыпқа толып тұр жаным.

Бос тұр сауап, иманым.

Тозақта жанар ма жаным,

Аллаға ертең не деймін ?

Қаза бамдат,бесінім,

Асыр,ақшам,құптаным.

Қиналып  ар-ожданым,

Аллаға ертең не деймін?

Патшадай біліп баламды,

Көп ренжіттім әкемді.

Жылаттым мен анамды,

Аллаға ертең не деймін?

Құтымды қашырды арулар,

Дос қылынып надандар.

Тіл айтты жалғандар,

Аллаға ертең не деймін?

Берші маған мұсылманның иманын,

Дінсіздеймін мен, бір надан.

Жаттамай Алланың сүре,Құранын,

Аллаға ертең не деймін?

Жүрегім хадис-шарип сұрап,

Көздеріммен жас жылап,

Тізелерім қалтырап,

Аллаға ертең не деймін?

Майы толған тозаққа,

Жолықсам шексіз азапқа,

Қалсам еһ, мазаққа,

Аллаға ертең не деймін?

Күнәнің көптігінен ,

Қалайша өтермін мен,

Сираттың көпірінен ,

Аллаға ертең не деймін?

Еш пікір қылмастан,

Көп кібірлік қылыппын.

Елестетіп қорықтым,

Аллаға ертең не деймін?

Дертім бар мәнді осындай,

Бардым мен  жұмаға ,

Мешітке тек бір аптадай ,

Аллаға ертең не деймін?

Айыптап  айтармын өзім,

Көпшіліктерге айтар сөзім,

Шаянға толар ма қабірім,

Аллаға ертең не деймін?

Беріліп болмашы сапаға,

Адал болмай уадаға,

Қатты кірдім зинаға,

Аллаға ертең не деймін?

Еһ, ақылым тот басты.

Жайнамазым шаң басты.

Қателестім мен көп расты,

Аллаға ертең не деймін?

Мен ақшасы көп бейшара,

Таба алмадым ешбір шара,

Құдай алмайды ғой пара,

Аллаға ертең не деймін?

Нәпсіге бердің деп ерік,

Сезімге бердің деп ерік,

Десе-жәннәт сен үшін берік,

Аллаға ертең не деймін?

Жүзімді бір құбылаға бұрсам,

Қабыл бола ма тәубем?,

Үздіксіз намазда болсам,

Аллаға ертең  не деймін?

Күнәләр көп,

Себеп жоқ

Сұрақтар көп,

Жауап жоқ.

Мендей адам

Ғәріп жоқ

Аллаға ертең не деймін?

Өзбекшеден аударған:

Нашыров   Нығмет  2-курс  студенті

"

6