Мақалалар

МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ОТБАСЫ

19 қыркүйек 2019

Жалпы, отбасы қандай сипатта болуы керек!? Біз әлбетте мұсылман болғандықтан Отбасының әрбір іс-әрекеті сол отбасының құрлымы дінің негізі мен ұштасқан, тәрбиемен сусындаған отбасы болуы тиіс.  Менің арманым үйінде құраны үзілмейтін, бес уақыт азаны бар, жамағат намазына арналған бір нұрға толы бөлмесі бар шағын бір үш қабатты үйде орналасқан көп балалы отбасын құрыу. Ол отбасының қамын толықтай мойныма алып, әке асқартау деген атқа лайықты болып, әйел бала-шағама дүние мен дін ілімін үйренуде қамсыз өмірді қамтамасыз етсем деймін. Осылайша, жақсы әке атанып, өз ата-анамың разылығын алыуда қызмет етсем деймін. Құрметті азамат атанып елі мен жеріне қызымет ететін, олардың жоқ-жітігін жамайтындардың бірі болсам деймін. Әрбір айтқан өсиетін жадыма сақтап, әрбір ісін айнытпай орындап, Пайғанбарымыз (с.а.с)-ның сүйікті үмметінен болсам деймін. Бұйрықтарын бұлжытпай орындап, тыйғанынан ойланбастан қаша білген Алланың сүйікті құлдарының бірі болсам деймін.                                                                   

Менің арманымдағы отбасы, оқуымды тәмәмдап одан соң  жоғары оқу орнына барып ислами білімімді арттырып, келешекте ұрпағыма үлгі бола алатындай деңгейге жеткен соң,  Пайғамбарымыз (с.а.с)-ның хадисінде айтқандай «Неке – менің сүннетім кімде кім сүннетіме амал етпесе менен емес. Үйленіңдер! Өйткені, мен қиямет күні үмметтімнің көптігімен мақтанамын» - деген екен. Аллаһ нәсіп етіп, өзіме лайықты жан кезігіп жатса сол жанмен бас қосып балалы-шағалы болып, бақытты да баянды өмір кешіу, ол менің армандарымның бірі. Армансыз адам қанатсыз құспен тең демекші, әр адамның өзіндік бір арман мақсаты болатыны сөзсіз. Өзіме лайықты жанды жолықтырып жатсам үйленіп, ата-анамды қолыма алып, бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды да бақытты ғұмыр кешсем деймін. Ата-анаммен бірге тұру менің баларым үшін үлкен септігін тигізеді. Себебі,  ата-әжесінен үйренері көп өзіміздің салт-дәстүрімізді үйренеді, басқа да көптеген нәрселерді көріп,  үйреніп, бойларына сіңіріп өсуіне көмегі тиеді. Ата-ана үшін бала тәрбиесі ол бір жауапкершілік. Білімді де білікті, жан жақты діней білімі бар, халқына адал қызымет ететін, елін сүйетін салмақты да салыйқалы ұрапқ тәрбиелеу бұл менің армандарымның бірі. Осынау электрониканың дамыған заманында бос уақытын тиімді пайдаланыу үшін баламды кітап оқуға бейімдеп,  өзіммен бірге алып жүріп сыртқы жұмыстарды да үйреткім келеді. Баламның жан-жақты болып өскені ол өзінің келешегі үшін пайдасы мол. Бұл менің болшақ отбасы құрыудағы армандарымның бірі. Алла Тағала ойлаған арман мақсаттарымыздың орындалу жолында баршамызға сабыр менен күш қуат берсін! Әмин!                    

Марданов Ерлан

Ақтөбе медресе колледжінің

І курс студенті

                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

"

16