Ғибратты оқиғалар

Ғибратты оқиғалар

Аспан әлемі

22 ақпан 2020

Алла Тағала «Тәбәрак» сүресінде: «Жеті қабат
аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла. Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Сосын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған қайта оралады» – деп аспан әлеміндегі керемет жүйені, ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен
жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты-лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл-сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты
тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо-ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің
ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.
"Имани гүл кітабынан"…

2