Мақалалар

Исламдағы қарыз мәселесі

30 маусым 2020

Қарыз мәселесі қай заманда болмасын, адамзат баласының күн тәртібінен түскен емес. Олай дейтініміз,  кез келген адам  өзінің жеке мүлкі, әрі, өзі өмір сүріп жатқан ортада тосыннан пайда болған қиындық пен кедергілерге қарсы тұра алатындай, дәрежелі орны болуын армандап өмір сүреді. Кейде, осы арманына жету немесе қиындықтардан тезірек шығу үшін уақытша болса да өзге біреудің мал-мүлкін пайдаланып тұруына мәжбүр болады. Сөйтіп, осылай қарыз беру, қарыз алу мәселесі басталады. Бұл бір жағынан қарағанда адамдар мұқтаж болған сәтте бір-біріне көмектесіп, қолғабыс жасап жатқанымен, екінші жағынан сол арқылы ішкі дүниесімен өзара тартылып, жақындай бастайды. Бір сөзбен айтқанда, қарыз беру, қарыз алу мәселесі қоғамда ынтымақ пен бірлікті нығайтудағы үлкен бір таптырмас құрал.

Сол себепті, Ислам діні де қарыз мәселесіне ерекше ден қойып, оның алғы шарттары мен әдептерін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырар тетіктерін жүйелеп, көрсетіп бекітті.

Бүгінгі таңда біз қолданып жүрген «қарыз» сөзі араб тілінен алынып,  оның түп мағынасы "қию" (бөліп беру) дегенді білдіреді. Яғни қарыз беруші өз мүлкінен белгілі бір мөлшерін қиып қарызға береді. Араб тілінде қарызды «дайн» деп те атайды.

Ал, шариғатта кісі өз дүние-мүлкінен бір нәрсені (қарызды) кейін оның орнына дәл сондай мөлшерде қайтарып беру шартымен қарыз алушыға мүлік етіп беру.

Осы жерде айта кететін жайт, қарызға алынған зат қарыз алушының мүлкіне айналады. Сондықтан да, қарыз алушы қарызға алынған нәрсені қалаған қажетіне жаратып, жұмсай алады. Тек, сол уағдаласқан уақытта алынған затқа ұқсасын қарыз берушіге қайтарып берсе болды.

Өкінішке орай, бүгінде қарыз алу, қарыз беру мәселесі бойынша қоғамда түрлі жаңсақ пікірлер пайда болып, қарыз халықтың ыңтымағын нығайтпайды, керісінше «қарыз қатынасты бұзады»,-деп мақалдатып жағдайы бар кісілер қарыз бемеуге тырысса, ал, борышкерлер болса түрлі жалған сылтаулар айтып алған қарызын қайтарып бермеуге әрекет жасап жүр.

Қоғамда осындай қарыз алушы мен қарыз берушінің ортасында түсініспеушіліктер немесе бір жағының әлсіздігін, екінші жағы пайдаланып кету сияқты т.б. келеңсіз жадайлар болмауы үшін алдымен қарыз мәселесіндегі шариғаттың шарттары сақталуы керек. Сонда ғана ол өз жемісін береді.

Қарыз мәселесі бойынша шариғатымызда төрт шарты бар:

  1. Қарыз беру немсе алу кезінде қарыздың түрі мен мөлшерін және қайтарып беру мерзімін көрсетіп жаздыру.
  2. Бұл келісімді (қарыз алу, берудің шарттарын білетін) әділ кісіге жаздыру.
  3. Екі ер немесе бір ер, екі әйел кісіге күәлендіру.
  4. Бұл келісімді жаздыруды борышты кісіге жүктеу.

Қарыздың шарты мен міндеттері жайлы Алла тағала Құран Кәрімде (Бақара сүресі, 282 аятта):

یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوۤا۟ إِذَا تَدَایَنتُم بِدَیۡنٍ إِلَىٰۤ أَجَل مُّسَمّى فَٱكۡتُبُوهُۚ وَلۡیَكۡتُب بَّیۡنَكُمۡ كَاتِبُۢ بِٱلۡعَدۡلِۚ وَلَا یَأۡبَ كَاتِبٌ أَن یَكۡتُبَ كَمَا عَلَّمَهُ ٱللَّهُۚ فَلۡیَكۡتُبۡ وَلۡیُمۡلِلِ ٱلَّذِی عَلَیۡهِ ٱلۡحَقُّ وَلۡیَتَّقِ ٱللَّهَ رَبَّهُۥ وَلَا یَبۡخَسۡ مِنۡهُ شَیۡءَ

«Әй, мүміндер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңда бір хатшы дұрыс жазсын. Сондай-ақ, хатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі жаздырсын. Раббы болған Алладан қорықсын. Әрі одан еш нәрсе кемітпесін.Сонда егер бошты есалаң не нашар (жас бала я кәрі т.б.) болса, оның иесі тура жаздырсын. Еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егер еркек болмаса онда өздерің ұнатқан айғақтардан бір еркек, екі әйел болады», [1] - деп, толық түсіндіріп, баяндайды.

Алайда бұл шарттар алыс-беріс кезінде адамдар арасындағы құқықтарды сақтау және түсінбеушіліктерді болдырмау жолдары. Мұнан өзге қарыз берушіге де, алушыға да береке болу үшін оның рухани шарттарын  да ұмытпаған жөн.

Алдымен қарыз берші төмендегі мәселелерге назар салу керек:

  1. Қарыз беруші берген дүниесінің  қайтпай қалуынан үрейленбестен, керісінше «қарыз беру қоғамдағы дәрежесі жоғары, қайырлы іс»,- деп білу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде:

عَنْ بِحَدِيثِ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: قَرَضُ الشَّيءِ خَيْرٌ مِنْ صَدَقَتِهِ 

 «Бір нәрсені қарызға беру садақа беруден де қайырлырақ», [2]-деген. Яғни қоғамда қарыз берудің пайдасы садақа беруден жақсырақ дегені.

  • Қоғамда қарыз берудің орны басқаша, мұқтаждың қажетін өтеу болғандықтан сауабы да мол екендігіне илану.

Анастан (р.а.) келтірілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға көтерілген сәттегі көрген оқиғаларында қарыздың сауабы жайлы нақты айтылған.

         بِحَدِيثِ أَنَسٍ أَيْضًا عَنِ النَّبِيِّ صَلّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: رَأَيْتُ رَبِّي لَيْلَةَ أُسْرَى بِي عَلَى بَابِ الجَنَّةِ مَكْتُوبًا: الصَّدَقَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، والْقَرْضُ بِثَمَانِيَةَ عَشَرَ. فَقُلْتُ: يَا جِبْرِيلُ، مَا بَالُ الْقَرْضِ أَفْضَلُ مِنَ الصَّدَقَةِ؟ قَالَ: لِأَنَّ السَّائِلَ قَدْ يَسْأَلُ وَعِنْدَهُ، وَالْمُسْتَقْرِضُ لَا يَسْتَقْرِضُ إِلَّا مِنْ حَاجَةٍ

         Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Мен Исра кешінде Раббымды көрдім. Мен жәннәттың есігінің алдында екенмін. Есіктің үстінде: «Садақа (бергенге) он сауап (болады), ал, қарыз (бергенге) он сегіз сауап (болады)»,- деп жазғанекен. Мен (с.ғ.с):      Әй! Жәбірейіл (ғ.с.) қарыздың садақадан артық болуының себебі неде?,-деп айттым.

         Жәбірейіл (ғ.с): Себебі, сұраушы (садақа тіленуші) кейде өзінде бар болсада (мұқтаж болмасада) сұрай береді. Ал, қарыз алушы тек қана қажеттіліктен қарыз алады», [3]-деп жауап берді.

     Сондықтан, садақа беруші, садақасын беріп жатқан кезде сауап алады. Ал, қарыз беруші болса сол қарызын қайтарып алғанға  дейін сауапқа бөлене береді деген қанатты сөз бар.

     Ал, қарыз алушы болса төмендегі жағдайды жақсы ескеруі қажет:

  1. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. Халифа Алтай, 1991 ж. Медина қаласы
  2. Имам Захаби-Мухаззаб 4/2124
  3. Табарани-Муъжамул әусат 6719. Имам Суюти-әл-Жәмиғус Сағир 4369.
  1. Қарыз алушының қарыз алар кезіндегі уақытылы қайтарып беру ниеті шынайы болу керек. Көбне-көп адамдар кейін көреміз деп, қайтарып бере алмай қалудан қорықпай қарызды ала береді. Содан, қайтарып берудің мүмкіндігі болмайды да соңы дауға айналады.

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің хадис шарифінде қарыздың өтелуі ниетке байланысты екендігін ескертіп былай дейді:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَنْ أَخَذَ أَمْوَالَ النَّاسِ يُرِيدُ أدَاءَهَا أَدَّى اللهُ عَنْهُ وَمَنْ أَخَذَ يُرِيدُ إِتْلَافَهَا أَتْلَفَهُ اللهُ. رَوَاهُ الْبُخَرِى

Абу һуройрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Кімде-кім адамдардың малын толық қайтарып беру ниетте қарызға алса, Аллаһ Тағала одан (өз жәрдемімен) өтеп қояды. Ал, енді ниетінде жоқ қылуды (қайтарып бермеуді) қалаған болса, онда Аллаһ оның өзің жоқ қылады», [4]-деді.

2. Қарыз алушы мүмкіндігі болған сәтте алған қарызын кемітпестен өтеуге

асығу.

Абу Рафиғтан (р.а.) риуаят етіледі:

عَنْ أَبِي رَافِع رَضِيَ اللهُ عَنْهُ اَنَّ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِسْتَسْلَفَ بَكْرًا فَقَدِمَتْ عَلَيْهِ إِبِلٌ مِنْ إِبْلِ الصَّدَقَةِ فَأَمَرَنِي أَنْ أَقْضِيَ الرَّجُلَ بَكْرَهُ فَقُلْتُ: لَمْ أَجِدْ فِيهَا إِلَّا خِيَارًا رَبَاعِيًا فَقَالَ: أعْطِهِ إِيَّاهُ إِنَّ خِياَرَ النَّاسِ أَحْسَنُهُمْ قَضَاءً

         «Расулулла (с.ғ.с.) бір кісіден жас түйені қарызға алды. Кейін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) садақа түйелерінен түйе келді. Сол кезде Расулулла (с.ғ.с.) маған әлгі адамға жас түйесінің қарызын қайтарып беруді әмір етті. Мен: «Ол түйелердің ішінен жақсы рубоъидан басқасын таппадым»- дедім. Сол кезде Расулулла (с.ғ.с.): «соны оған бер. Расында ададмдардың жақсысы қарызын жақсылап өтеушілері», [5]- деп.                                                 Арабтарда «рубоъий» деп алты жасар түйені атайды.                                              Бұл хадистен тағы да бір түсінгеніміз, хайуанды да қарызға алуға және қайтарған кезде одан жақсырақ етіп қайтарып беруге болатындығы.                       Алай да, Ханафи мазһабында, бұл рибаға (өсімқорлыққа) айналып қалады. Сондықтан ол мүмкін емес делінген. Яғни салмағы, бойы, пішіні дәлме-дәл келетіндей етіп қайтарып беру қиын болғандықтан  хайуанды қарызға алу мүмкін емес дегені. Расында кез келген нәрсені қарызға беруде, пайданы, яғни, артығымен қайтарып алуды көзделген болса, ондай қарыз Ислам дінінде жайз емес, өсімқорлық болып қалады. Дегенмен, қарызды өзінен де жақсырақ етіп қайтарып беру, жайлы ұсыныс қарыз алушы жақтан болып жатса, рұқсат делінген.

  • Мұқтаж болғанда көмектескені үшін қарызды қайтарып берген кезде рахметін айтып, дұға жасау.

Абдулла ибн Абу Робийъа-дан (р.а.) рияуат етілген хадисте:

عَبْدِ اللهِ بْنِ أَبِي رَبِيعَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ اسْتَقْرَضَ مِنِّي النَّبِيُّ اَرْبَعِينَ أَلْفًا فَجَاءَهُ مَالٌ فَدَفَعَهُ إِلَيَّ وَقَالَ: بَارَكَ اللهُ فِي أَهْلِكَ وَمَلِكَ إِنَّمَا جَزَاءُ السَّلَفِ الْحَمْدُ وَالأَدَاءُ

  • Бәихақи-Дәләилу Нубууати – 4/99.
  • Сахих Муслим - 1600.

«Набий соллаллаһу алейһи уа саллам менен қырық мың қарыз алды. Кейін Ол кісіге (с.ғ.с.) мал келгенде қарызды маған қайтарып берді. Сондай-ақ Аллаһ отбасыңа және мал-дүниеңе береке берсін. Қарыздың сыйлығы мақтау рахмет айту және қарызды өтеу» - [6] деп баяндайды.

Яғни, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі де мұқтаж болған кезде қарыз алды. Ал қолдарына ақша түскен сәтте қайтарып берді. Әрі қажет болған уақытта, қарыз беріп тұрған үшін Абдуллаһ ибн Абу Робийъаға батасын беріп, дұға жасау рахметін білдірді.

  • Қарыз алып, бермей кету біреудің ақысын нахақ жолмен жеуден де ауыр күнә екендігін білу. Өйткені бұл істе біреудің малын нахақтан жеумен бірге, жақсылық жасаған кісіге қиянат жасау бар.

Абу Муса (р.а.)-дан келген хадисте:

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: إِنَّ أَعْظَمَ الذُّنُوبِ عِنْدَ اللهِ أَنْ يَلْقَاهُ بِهَا عَبْدٌ بَعْدَ الْكَبَائِرِ الَّتِي نَهَى اللهُ عَنْهَا أَنْ يَمُوتَ رَجُلٌ وَعَلَيْهِ دَيْنٌ لَا يَدَعُ لَهُ قَضَاءً

Наби (с.ғ.с): «Алланың құзырында Алла тиым салған үлкен күнәлардан кейінгі ең ауыр күнә пенде мойнындағы қарызды өтейтіндей нәрсе қалдырмай өліп, Аллға жолығу», [7]-деп ескертеді.                    

Біреуден алған қарызды бермей немесе қарызды үзуге жететіндей дүние қалдырмай өліп кетуден ауыр жағдай жоқтығын баян ету үшін бұл сөзден артық түсіндіру жолы сірә табылмаса керек.

Сондай-ақ, Насаий риуаят еткен хадисте қарызды бермей дүние салудың қарызын өтемейінше пейшке кіре алмайтындғын айтып ескерткен:

وَلِلنَّسَائِيِّ: وَ الَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَوْ أَنَّ رَجُلًا قُتِلَ فِي سَبِيلِ اللهِ ثُمَّ أحْيِىَ ثُمَّ قُتِلَ وَعَلَيْهِ دَيْنٌ مَا دَخَلَ الْجَنَّةَ حَتَّى يُقْضَى عَنْهُ دَيْنُهُ

 «Менің жаным оның қолында болған затқа ант етемін, егер бір кісі Алланың жолында өлтірілсе, соң қайта тірілтілсе кейін қайтып өлтірілсе содан кейін тағы тірілтіп, қайта өлтірілсе де оның мойында қарыз болса, қарызы өтелмейінше жәннатқа кірмейді», [8]- делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ант ішіп тұрып айтулары да бұл іс қаншалық маңызды екендігін көрсетеді. Мұсылман пендеге Алла тағаланың жолында шаһид болу қаншалықты қасиетті екендігі түсінікті. Яғни шаһидтерге жәннат есіктері ай қара ашық. Бірақта қарызды өтемей кетудің ісі ауыр болып тұр. Егер пенде Алла жолында бір емес үш рет шаһид болса да қарызын өтемейінше жәннатқа кіре алмайды. Демек адамның жәннатқа кіруі қарызының бар немесе жоқтығына байланысты болып тұр. Қарыз үзілсе, жәннатқа кіреді, болмаса жоқ. Себебі қарыз пенденің ақысы, бұл ақыны тек өз егесі ғана кешеді. Алла тағала кешпейді.

Ия, Жаратқан Иеміз пенделерінің тұтастығын сақтау мақсатында дүниені осы лай жаратқандықтан қарыз беруші мен қарыз алушыға бірдей қамқорлықта болады. Бұған дәлел ретінде Лайс айтып берген, ілгергі пайғабарлардың үмбеттерінен болған Бани Исрайыл қауымындағы екі кісінің оқиғасын айтуға болады:

6.            Нәсәи – 4683. Ибн Қаттан – Әл-уахм уәл ихәм – 5/775.

7.            Бәусири – Ихтафул хойротил мәһәроти 6/234.

8.            Сахих ән-Нәсәи 4698.

وَقَالَ اللَّيْثُ: حَدَّثَنِي جَعْفَرُ بْنُ رَبِيعَةَ عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَانِ بنِ بَنِي إِسْرَائِيلَ سَأَل بَعْضَ بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنْ يُسْلِفَهُ أَلْفَ دِينَارٍ, فَدَفَعَهَا إِلَيْهِ, فَخَرَجَ فِي الْبَحْرِ فَلَمْ يَجِدْ مَرْكَبًا, فَأَخَذَ خَشَبَةً فَنَقَرَهَا فَأَدْخَلَ فِيهَا أَلْفَ دِينَارٍ فَرَمَى بِهَا فِي الْبَحْرِ فَخَرَجَ الرَّجُلُ الَّذِي كَانَ أَسْلَفَهُ فَإِذَا بِالْخَشَبَةِ فَأَخَذَهَا لِأَهْلِهِ حَطَبًا – فَذَكَرَ الْحَدِيثَ – فَلَمَّا نَشَرَهَا وَجَدَ الْمَالَ.

«Лайс бұл әнгімені маған Жағфар ибн Рабиға Абдрахман ибн Бани Исрайлден есіттім деп айтып берді. Бани Исрайл қауымынан болған бір кісі біреуден мың динар (алтын ақша) қарыз сұрайды. Ол кісі де сұраған адамға мың динар қарыз береді. Соң қарызын қайтарып беріп жібермек болып кеме теңіз жағалауына қарай шығады. Бірақ беріп жіберуге кеме таппайды  (беріп жіберемін деген кемесі кетіп қалаған). Сөйтіп, амалы таусылған кісі уәдесінде тұрмақ болып бір ағашты алады да оны жарып (ішін қашаулап) ішіне мың динар және бір риуаятта ішіне қоса хат салып, аузын жақсылап тығындап Құдайға тәуекел етіп, теңізге тастайды. Қарыз берген кісі де қарызын алмақ болып теңізге келеді (кешігіп келгендіктен уағдаласқан кеме қайтып кеттіп қалған, жоқ). Қараса теңіздің жағасында бір ағаш жатыр екен. Үйге отын болсын деп ағашты алып кетеді. Үйне барған соң ағашты жарып қараса ішінде мың динар мен хат бар екен» [9].

Міне, көріп тұрғанымыздай бір жағының уәдеге беріктігі мен тәуекелінің екін жағының сабырлығының арқасында Алла тағала екеуіне бірдей қамқарлығына алып өз құдыретімен көмектесті.

Құдіреті күшті Құдаймыз елмізге амандық, ынтымақ-бірілік бергей. Қарызға тап болғандарға шығатын жол көрсеткей. Әумин!

                                                                         Мақала авторы:

                                                                 «Ақтөбе медресе колледжі»

                                                                  ЖМ-нің директоры

                                                                  Дәуренбеков А.К.

9. Cахих әл-Бухари 2291.

"

22