Жаңалықтар

Медреседе мәуліт мерекесі тойланды

14 қараша 2020

"2645,"sizeSlug":"large"} -->

Жұманың жарқын таңында медресе шәкірттері «Әз Пайғамбар хақ жолы» атты іс-шара өткізді. Исламның ізгі амалдары мен ұлы мұраттарын түсіндіру жолында адалдықтан адаспай, ибалы адам, иманды қоғам құруға деген ынта-ықыластарын көрсете білген шәкірттерге көрермендер тәнті болды.

         Алланың сәлемі мен салауатын жаудырып бастаған қос жүргізуші Ақтөбе медресе колледжінің директоры  Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлына сөз кезегін ұсынды. Медресенің ұстазы Раушан Хабиболла қасиетті Құранмен шәкірттерге шабыт сыйлаған соң, экранға Пайғамбарымыздың  (ﷺ) өмірі мен өнегесінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Жүргізушілер Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудың маңыздылығын түсіндіріп, хормен салауат айтуға шақырды. Онымен тоқтап қана қоймай, көрермендер арасынан үздіксіз салауат айтып жүрген шәкірттерді жинап, ең қысқа салауатпен жарыстырды. Бір минутта екі бірдей шәкіртіміз 49 салауатты айтып үлгеріп, салауатты тағы да айтуға мүмкіндік алып, жеңген шәкірт мәуліттің алғашқы сыйлығына ие болды.

         Керемет көріністің куәсі болған іс-шарада расымен әсер алмаған жан қалмады. Шынайылықпен сахнаны өздеріне қаратқан қатысушылардың актерлық қабілеттері нығая түскендей. Сахнаға ұзақ уақыт бойы шықпаған шәкірттеріміз де өз өнерлерін ортаға салып, ішкі толқыныстарына қарамастан мәнерлеп өлең оқып, әуезді әнге құлақ құрышын қандырды.

Бір сәт өлеңмен елітсе, бір шақ терең ойға батырып, Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірінен сұрақтар қойылып, жауап бергендерге мәуліт сыйы табысталды.

Кештің соңын Біләлдің (р.а.) азан шақыруы көрінісімен жанды дауыста азан айтылып, Пайғамбарымыздың (ﷺ) соңғы сапарын сағынышпен еске түсірді. Сөз соңында Ақтөбе медресе колледжінің директоры  Ә. Қ.Дәуренбеков іс-шараға қатысып өз үлестерін қосқаны үшін қатысушыларға алғыс білдіріп, сыйлықтар таратты.

"

1