Жаңалықтар

АЛШЫНБАЕВ МЕДРЕСЕГЕ КЕЛДІ

14 қараша 2020

2020 жылдың 13 қарашасы күні  колледждің мәжіліс залында өткізілген кездесуде “Ақтөбе медресе колледжі” ЖМ-нің директоры Дәуренбеков А.Қ. арнайы қонақтармен таныстырды.  ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, Дін істер басқармасының басшысы Әлібек Жаңабекұлы, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзенбай төрден орын алып, студенттерге жылы лебіздерін білдірді.

Ақтөбеге арнайы іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев медресе шәкірттерімен кездесіп, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда білім алушыға барлық жағдай жасалғандығындығын жеткізіп, осы мүмкіндікті жіберіп алмай білімді де білікті ұрпақтың тәрбиеленуіне өз үлестерін қосу жолында қызмет ету керектігін баса айтты.

Үнемі тың ақпараттармен бөлісіп отыратын Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан бітіруші түлектерге құлақ қағыс етіп, жоғары оқу орындарына құжаттар тапсыруды мейлінше ертерек бастап кетулерін өтінді. Бітірген соң жұмыс жасауға ниеттенген түлектерге ауылдық жердің мешіттерін көркейтуге кеңес берді. Сонымен қатар облыс бойынша биылғы жылдың өзінде еріксіз турде екі мешіттің жабылғанын өкінішпен хабарлап, жылдағы мешіттердің саны көбейгенімен жабылғандарымен орны толғанын айта кетті. Сол себепті ауылдық немесе аудандық жерде имамдық жұмысқа белсене атсалысу керек екенін жеткізді.

"

2