Жаңалықтар

ҚМДБ-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ

14 қараша 2020

"

Қарашаның 13-і күні ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, «Ақтөбе» медресе-колледжінің спорт залында «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өткізді.

Тартысқа толы болған 7 команданың ауызбіршіліктерін нығайту мақсатында топтың қатысушылары араласып, командалар жаңа құраммен жандана түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша:

1-орын Ақтөбе қалалық мешіті – 50 мың теңге;

2-орын «Сүлеймен ата» мешіті – 30 мың теңге ;

3-орын «Әс-Сәлам» мешіті – 20 мың теңге;

2679,"sizeSlug":"large"} -->

Сонымен қатар, үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы номинациялары да қарастырылған. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтарды Ақтөбеге арнайы іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев пен Дін істер басқармасының басшысы Әлібек Жаңабекұлы өз қолдарымен табыстады.

"

4