Жаңалықтар

Президент мақаласы талқыланды

09 қаңтар 2021

"2791,"sizeSlug":"large"} -->


2021 жылы қаңтар айының тоғызыншы жұлдызында Ақтөбе медресе колледжі Қ.Р. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.

Осыған орай, ұйымдастырылған колледждің ұстаздары мен студенттері арасында 4 бөлім бойынша ой қозғалды. Ұстаздар жалпылама мақаламен таныстырып, мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы екендігін баса айтты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін бұл он екі ай толымды істерге толы болуы тиіс. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған жұмыстар жазылған.

«Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімде тарихты түгендеп, келер ұрпаққа қалдырар «Мәдени мұраға» басымдық берілген.

Соңғы кездері азаматтарды аса толғандырған жер мәселесіне қатысты Президент «Қоғам мен құндылық» бөлімінде қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейтіндігін қадап айтып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе екендігін  жеткізіп, жер мәселесі жөніндегі комиссия осы жылы құрылуын тапсырды. Мақаланың соңғы төртінші «Ұлағат пен ұстаным» тақырыбы азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналды.

2794,"sizeSlug":"large"} -->

Президент талантты да талапты буынға сенім артатындығын ескере келе, колледж студенттерінен бірер ой мен талқылауларды қарастырдық.  Нәтижесінде, қазіргі жалынды жастардың жаршысындай болған егемендігіміздің басты ұраны  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген ұғымды санамызға сіңіріп, болашақтың бағдарын айқындау болмақ.

"

6