Стратегиялық даму жоспары

Колледж миссиясы

Жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыра отырып, алауыздықты болдырмау, дәстүрлі дініміз негізінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету

Колледж саясаты

Мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етуде оқытудың заманауи технологиялары арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық құрамның кәсіби әлеуетін көтеру, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, өз мамандығы бойынша кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандар даярлау, колледж қызметінің барлық бағыттарын дамыту.

Стратегиялық мақсаты:

  • ТжКБ жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту;

  • ТжКБ жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту;

  • Кәсіптік білім деңгейінде білім беру қызметінің сапасын және нәтижелігін тұрақты қамтамасыз ету;

  • Білім берудің жаңашыл әдістері арқылы студенттерді орталықтандырып оқыту;

  • Білім беру қызметіндегі инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту;

  • Құзыреттілік шеңберінде әлеуметтік серіктестікті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

  • Студенттердің сұранысын қанағаттандыратын қажетті жағдайлар жасауды және үйлесімді дамытуды жетілдіру;

  • Интернет-ресурстар мен білім беру қызметін автоматтандыру жүйесін дамыту;

Стратегиялық міндеттері

  • Оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

  • Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;

  • Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби және құзыреттілік деңгейлерін арттыру;

  • Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша түрлі семинарлар өткізуге шетелдік мамандарды тарту;

  • Оқу үдерісін автоматтандыру жүйесін жетілдіру;

  • Оn-line тәртібінде шебер –класс, конференциялар, семинарлар өткізу;

  • Заманауи оқу құралдарымен жаңарту;

  • Құрылыс –жөндеу жұмыстарына, оқытудың техникалық құралдарына, оқу-әдістемелік құралдарға бөлінетін қаржы көлемін көбейту;

  • Білім алушылардың әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған шараларды өткізуге қолдау көрсету.

Стратегиялық бағыттары

  • Білім беру қызметі дамыту.

  • Кәсіби білікті, рухани қалыптасқан мамандар даярлау.

  • Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

  • Кадрлар әлеуетін және басқару жүйесін дамыту.

  • Инфрақұрылым мен материалдық – техникалық базаны дамыту.