Талапкер

Оқуға қабылдау ережесі

Ақтөбе медресе колледжі талапкерлерді оқуға шақырады. Оқу ошағы 2008 жылдан бері халыққа қызмет етуде. Біздің басты мақсатымыз – жастардың сауаттылығын арттыра отырып, имандылыққа баулу. Сондай-ақ еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Колледжде Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, педагогика-психология т.б. әлеуметтік пәндермен қатар дәстүрлі дініміз негізінде Құран, Тәджуид, Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Хадис ілімі, Араб тілі, Ахлақ пәндерінен дәріс береді.

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Мамандығы: 0112000 – Исламтану
Біліктілігі: 0112013 – “Имам хатиб”

Оқу ошағында білім алушы шәкірттерге жатағы және 3 мезгіл тамағы тегін.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша жеке қабылдау комиссиясының отырсында ашық жүргізіледі. Екі дүниенің шамшырағы болған діни білім алуға ұмтыл, жас талапкер!

Қажетті құжаттар тізімі

Ақтөбе медресе колледжіне қабылданатын студенттердің қажетті құжаттар тізімі:
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы куәлік, жеке куәлік);

  • Медресе колледжі директоры атына өтініш;

  • Өмірбаян;

  • Жалпы орта білім туралы аттестат немесе Т и КБ туралы құжаттың түпнұсқасы;

  • №63 үлгідегі анықтама;

  • №086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюра);

  • Көлемі 3х4 сурет (4 дана);

  • Жергілікті мешіттен (қала, аудан, облыс) ұсыныс;

  • Сотталмағандығы жөнінде анықтама;

  • наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлер анықтамалары;

Онлайн өтініш қалдыру

...

Толық аты-жөніңіз

Электронды поштаңыз

Қала, аудан, ауыл